Заманауи аспаптар үйірмесі

Орталықта «Гитара», «Фортепиано», «Барабан», «Синтезатор» үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірмелердің мақсаты-  баланың шығармашылық қабілетін  дамыту, музыкалық қабілеттерін ашуға жағдай жасау. Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту, гитарада және ансамбльде ойнау үшін импровизациялық дағдыларды қалыптастыру. Балаларды аталмыш аспаптарда  еркін сүйемелдеуге үйрету. Бағдарлама 10-17 жас аралығындағы балаларды оқытады. Бағдарлама екі жылдық оқуға арналған.