Көркем-эстетикалық бағыт

Білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады, оқушыларды жан-жақты өнермен байытады және олардың үйлесімді дамуына ықпал етеді. Бұл бағыт қамтитын үйірмелер нақты шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Хореография, театр, вокал, моншақ тоқу, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер және киіз басу, режиссура, шешендік өнер, актерлік шеберлік, көркемсөз өнері, бейне-фото монтаж, аспаздық сияқты өнер үйірмелер оқушының жеке басын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады, оның шығармашылық әлеуетін, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту қабілеттерін ашады. Олар жаңа дағдыларды игеріп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтуге, ұжымда жұмыс істеуге, әр түрлі өнер түрлері арқылы өз сезімдері мен ойларын білдіруге ерекше мүмкіндік береді.  Көркемдік-эстетикалық бағыттың маңыздылығы – бұл шығармашылық ойлауды, қиялды, эмоционалды интеллект пен өзін-өзі көрсетуді дамытуға ықпал етеді. Осы бағыттағы үйірмелерге қатысу оқушыларға өзіне деген сенімділікті арттыруға, көркемдік қабілеттерін дамытуға, қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға және қиындықтарды жеңуге үйренуге көмектеседі.


Үйірмелер

Арт-студия,бейнелеу өнері.

Үйірменің мақсаты мен міндеттері: балалардың сурет салу қабілеттерін, көркем-шығармашылық талғамдарын, шығармашылық ойлауын, кеңістікті елестетуін, сұлулықты...

«Хореография» үйірмелері

Орталықта ұлттық би, заманауи би үйірмелері жұмыс жасайды. Би өнерімен айналысу оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы...

«Хор-вокал» үйірмесі

Орталықта «Эстрадалық вокал», «Хор-вокал» үйірмелері жұмыс жасайды. Ұйымдастырылатын үйірмелер оқушылардың шығармашылық дамуына жол ашады. Хор...

«Фото және видео монтаждау» үйірмесі

Бұл үйірме оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға, шығармашылық ойлауға, фотосуретке деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді, практикалық...

«Радуга бисера» моншақ тоқу үйірмесі

Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың...

«Жас толқын» фото,видео режиссурасы

«Жас режиссер» үйірмесінің мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, камерамен жұмыс жасауды үйрету...

«Жас модель» үйірмесі

«Жас модель» үйірмесі –негізінен «отырықшы өмір салтын» ұстанатын балаларға физикалық қабілеттерін дамытуға, денсаулығын жақсартуға, дененің...

«Жас аспаз» үйірмесі

«Жас аспаз» үйірмесінде – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты...

«Актерлік шеберлік» үйірмесі

Актерлік шеберлік баланы сахна тәртібіне, қойылым қозғалысына, жүрісіне, мәдинетіне үйретіп ,тіл тазалығын, сөйлеу мәнерін дағдадандырады...

 «Этно-дизайн» үйірмесі

Үйірменің негізгі мақсаты — кілем кесте және киіз басу арқылы қазақ халқының мәдениетін жаңғырту. Үйірмеде...