Грек-рим күресі, эллиндер мен латындар (гректер мен латындар) заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі.
Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Грек-рим күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады. Грек-рим күресі – олимпиадалық спорт түрі, екі спортшының арасындағы жекпе-жек өнері, бұл күрестің мақсаты әртүрлі әдістерді қолдана отырып, қарсыласты жауырынға салу.
Республиканың атақты балуандарының қатарына Ш.Серков, Ж.Үшкемпіров, Д. Тұрлыханов, Қ.Байсейітова, М.Манукян, Ю.Мельниченко, Г.Цурцумия және т.б. жатады.





Кесте
ПН | ВТ | СР | ЧТ | ПТ | СБ | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
"Грек-Рим күресі" | ![]() Сейтабызов Берік Иманбекович ![]() “Грек-рим” күресінің жаттықтырушысы | 10:00 - 11:25 18:00 - 19:25 | 10:00 - 11:25 18:00 - 19:25 |