Орталықта «Эстрадалық вокал», «Хор-вокал» үйірмелері жұмыс жасайды. Ұйымдастырылатын үйірмелер оқушылардың шығармашылық дамуына жол ашады. Хор үйірмесі баланың есте сақтау, тыңдау қабілеттерін арттырып, өзін-өзі ұстай білуге, жеке басының мүддесін ұжымға бағындыруға, қиялы мен еркін бақылау жасауға септігін тигізеді.
Адам жеке басының жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлыктың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді.
Әншілік өнердің даму тарихымен, кәсіби және халық ауыз шығармашылық дәстүрлерімен, оның көп түрлі құрамымен танысу, оқушыларға ән айту ережелерімен және сахна мәдениетінің қыр — сырларын тереңдете үйрету, кәсіби музыканың ерекшеліктерін ажырата білу біліктерін дамыту.
Үйірменің мақсаты — білім алушылардың вокалдық қабілеттерін, музыкалық естуін, ырғақ сезімін, ән айту кезіндегі тыныс алу дағдыларын және дұрыс дыбыс шығару шеберлігін дамыту. Жеке және ұжымдық орындау дағдыларын қалыптастыру, музыкалық есте сақтау қабілетін, сахналық шеберлігін, эмоционалдық мәнерлілігін және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту. Вокал сабақтары арқылы эстетикалық талғамды, өзіне деген сенімділікті, тәртіптілікті және ұжымда жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.






