Коркем эстетикалык

«Хореография» үйірмелері

Орталықта ұлттық би, заманауи би үйірмелері жұмыс жасайды. Би өнерімен айналысу оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс жүріп тұруына, иілгіштік қабілетінің артуына, ауамен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын ырғағын, мазмұнын ажырата білуге көмектеседі. Музыкалық шығармалардың буын – ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау. Би өнерімен айналысқан ұлдар мен қыз балалар денесінің сымбаттылығымен, […]

«Хореография» үйірмелері Read More »

«Фото және видео монтаждау» үйірмесі

Бұл үйірме оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға, шығармашылық ойлауға, фотосуретке деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді, практикалық бағытқа ие, өйткені оқушылардың ақпараттық технологиялар саласында білім алуы және графикалық ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық дағдылары қазіргі заманғы адамның жалпы ақпараттық мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады, кәсіби шеберліктің одан әрі өсуіне негіз болады.

«Фото және видео монтаждау» үйірмесі Read More »

«Жас модель» үйірмесі

«Жас модель» үйірмесі –негізінен «отырықшы өмір салтын» ұстанатын балаларға физикалық қабілеттерін дамытуға, денсаулығын жақсартуға, дененің пластикасын, ырғақ сезімін, қозғалыстардың әсемдігі мен сұлулығын дамытуға, талғампаздықты дамытуға, дағдыларын қоғамда сақтау, өзіне деген сенімділік, жеке тұлғаның ішкі жетілуіне ықпал ету.

«Жас модель» үйірмесі Read More »

«Радуга бисера» моншақ тоқу үйірмесі

Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жәй суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады.Мысалы: алқа, білезік, белдік, сөмкелер, шаш буғыш, және әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншықтар да тоқуға болады.

«Радуга бисера» моншақ тоқу үйірмесі Read More »

 «Этно-дизайн» үйірмесі

Үйірменің негізгі мақсаты — кілем кесте және киіз басу арқылы қазақ халқының мәдениетін жаңғырту. Үйірмеде олар қызықты дәстүрлі және заманауи техникаларды меңгереді: кілемді ілмекті кестелеу, түкті кестелеу, аралас кілем кестелеу, ылғалды және құрғақ киіз басу (киіз), гобелен тігістері, ленталармен кестелеу, иірім жіптен аппликация, ниткография, жүнмен сурет салу, помпондардан жасалған жұмыстар, крези + киіз. Кесте Дүйсенбі

 «Этно-дизайн» үйірмесі Read More »

«Жас толқын» фото,видео режиссурасы

«Жас режиссер» үйірмесінің мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, камерамен жұмыс жасауды үйрету. Кино және ТВ режиссерінің кім екенін, командамен қалай жұмыс жасау керектігін көрсету. Үйірменің міндеті – оқушының қолындағы сценарийден көркем өнер туындысын шығара білуге баулу. Видео арқылы көрерменге ойын жетік жеткізе білуіне үлес қосу.

«Жас толқын» фото,видео режиссурасы Read More »

«Жас аспаз» үйірмесі

«Жас аспаз» үйірмесінде – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Үйірмеге 12 жастан асқан балалар қатыса алады. Осы мақсатта мұғалім оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін жүзеге асырады.Үйірме барысында оқушылар қолдан тамақ жасауға үлкен

«Жас аспаз» үйірмесі Read More »

«Хор-вокал» үйірмесі

Орталықта «Эстрадалық вокал», «Хор-вокал» үйірмелері жұмыс жасайды. Ұйымдастырылатын үйірмелер оқушылардың шығармашылық дамуына жол ашады. Хор үйірмесі баланың есте сақтау, тыңдау қабілеттерін арттырып, өзін-өзі ұстай білуге, жеке басының мүддесін ұжымға бағындыруға, қиялы мен еркін бақылау жасауға септігін тигізеді. Адам жеке басының жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлыктың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді.  Әншілік

«Хор-вокал» үйірмесі Read More »

Арт-студия,бейнелеу өнері.

Үйірменің мақсаты мен міндеттері: балалардың сурет салу қабілеттерін, көркем-шығармашылық талғамдарын, шығармашылық ойлауын, кеңістікті елестетуін, сұлулықты түсініп, қадірлеуін дамыту; шынайы суреттің қарапайым негізін балаларға меңгерте отырып, затқа қарау арқылы және елестету арқылы сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Арт-студия,бейнелеу өнері. Read More »

«Актерлік шеберлік» үйірмесі

Актерлік шеберлік баланы сахна тәртібіне, қойылым қозғалысына, жүрісіне, мәдинетіне үйретіп ,тіл тазалығын, сөйлеу мәнерін дағдадандырады. Үйірменің ерешелігі-ортақ қызығушылықтары негізінде біріккен адамдардың ұйымшылдығы мен ынтымақтастығын білдіреді. Бірігіп шығарма таңдау, сценарилар құрастыру, рөлдерге бөлу бұлардың бәрі топтық жұмыс.  Актерлік сабақ көбінесе ойын түрінде өтеді. Ойнау арқылы баланың қабілетін білуге болады .Ойын түрінде берілетін нақты қимыл қозғалыс жаттығуларында

«Актерлік шеберлік» үйірмесі Read More »