Үйірменің мақсаты — білім алушылардың заманауи жаңартылатын энергия көздері, олардың жұмыс істеу қағидаттары және күнделікті өмірде, сондай-ақ әртүрлі қызмет салаларында қолдану мүмкіндіктері туралы білімдерін қалыптастыру. Күн, жел, су және жаңартылатын энергияның басқа да түрлерін зерттеу арқылы ғылыми-техникалық шығармашылыққа қызығушылықты, экологиялық ойлауды, зерттеушілік және практикалық дағдыларды дамыту. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын қарапайым құрылғыларды жобалау, модельдеу және жасау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ энергетикалық мәселелерді тиімді әрі экологиялық қауіпсіз жолдармен шешу қабілеттерін дамыту.

Педагог

Жумагулов Асқар АтабаевичҚосымша білім беру педагогіЖаңартылатын энергия көздерін әзірлеу және зерттеу



