Ғылыми-техникалық бағыт

3D сканерлеу мен басып шығару» үйірмесі

«Қазіргі уақытта әлемде 3D технологиялары қолданылмайтын  саланы табу қиын. Жыл сайын экономиканың әртүрлі салаларына 3D модельдеуді енгізу ауқымы артып келеді. Осындай оқытудың жаңашыл бағыттары мектеп оқушыларын қоғамда әлеуметтенуіне және кәсіби бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. 3D модельдеу үш өлшемді нысан жасау дегенді білдіреді. Яғни кез-келген заттарды үш өлшемдік нұсқа ретінде өңдеу.

3D сканерлеу мен басып шығару» үйірмесі Read More »

«Химиялық зертхана»  үйірмесі

Бұл үйірменің негізгі мақсаты білім алушыларды химия және экология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне тарту болып табылады. Ғылыми жұмыстың мақсатын қоюды және оған жету үшін міндеттерді тұжырымдауды үйренеді, Эксперименттік деректерді өңдеу, заңдылықтарды анықтау, спектрлерді ашуды үйренеді. Ғылыми-зерттеу жұмысын ресімдеуді, баяндама мен презентация жасауды үйренеді. Химиялық эксперимент жасату,химиялық реактивтерді қолдана білу арқылы оқушылардың іскерлік дағдыларын жетілдіре түсу.

«Химиялық зертхана»  үйірмесі Read More »

«Жас физик»  үйірмесі

Үйірменің қызметі білім алушылардың физикаға деген қызығушылығын дамытуға және физикалық есептерді шешуге, негізгі курста алған білім мен дағдыларды жетілдіруге, физика бойынша олимпиадалық есептерді шешудің әдістерін игеруге, білім алушылардың физика саласындағы, оның ішінде физикалық эксперимент саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған.

«Жас физик»  үйірмесі Read More »

«Робототехника»  үйірмесі

Робототехника құрал-жабдықтар  көмегімен   пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды,  сонымен  қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру  және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру. Сабақ барысы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру, Роботтардың таныстырылымы және

«Робототехника»  үйірмесі Read More »

«Виртуалды шындық»  үйірмесі

Аталмыш үйірме оқушыларды болашақта ғылыми қызметке тарту, белсенді өмірлік ұстанымын дамытуға бағытталған, ғылыми және техникалық шығармашылықтың заманауи технологияларын оқытуды ұйымдастыру арқылы жас ғалымдардың зияткерлік әлеуетін неғұрлым толық іске асыруға жәрдемдесу. Виртуалды шындық адамдар VR көзілдіріктерін немесе басқа құрылғыларды пайдаланып модельденген орталарда өзара әрекеттесетін имитацияланған виртуалды ортаны жасайды. Виртуалды шындық сенсорларды, дисплейлерді және қозғалысты анықтау және

«Виртуалды шындық»  үйірмесі Read More »

«Графикалық дизайн» үйірмесі

«Графикалық дизайн» – мәтін мен суреттерді жарнамаларда, журналдарда немесе кітаптарда біріктірудің және үйлестірудің өнері немесе шеберлігі, деген анықтама берсек болады. Графикалық дизайн тек қана әдемілік пен әдемі қаптама емес, оның өзіндік функциялары бар. Графикалық дизайн ақпарат берудің өте айқын және жеңіл жолдарын қамтамасыз етеді. Графикалық дизайн – бұл біздің өміріміздің барлық салаларына, шынайы және цифрлық

«Графикалық дизайн» үйірмесі Read More »

«Авиамодельдеу»  үйірмесі

Авиамодельдеу үйірмесі -бұл авиациялық техниканы меңгерудің бірінші сатысы. Авиамодель үйірмелері спорттық-техникалық бағыттағы үйірмелерге жатады, онда V-XI сынып оқушылары айналысады. Ұшатын модельді құру үшін сізге белгілі бір дағдылар мен білім қажет. Авиациялық модельдеу үйірме мүшелері үшін оларды өзіндік шығармашылық жұмысқа дайындайтын тәжірибе. Модельдер жасау арқылы үйірме қатысушылары ұшақ конструкторларын,  ұшақ туралы ойлауды үйренеді

«Авиамодельдеу»  үйірмесі Read More »